Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткілік мас күйде болған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда есірткілік мас күйде болған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйде көлік жүргізуге қатаң тыйым салынады. Алайда кейбір жүргізушілер жол қозғалысының қарапайым ережелерін бұзады.

Мысалы, Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сұрағанов – Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысын патрульдеу кезінде сағат 19.30-да көлікті тоқтатты.

– Жүргізушімен сөйлескен кезде полицейлерге оның іс-әрекеті ұнамаған. Сондықтан ер адам медициналық куәландыру жүргізу үшін жеткізілді. Оның нәтижелері жүргізушінің есірткілік масаң күйде екенін көрсетті, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес көлік құралын басқарғаны үшін алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі жүргізушінің, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамға бергені үшін әкімшілік қамауға алынып, басқару құқығынан айырылатыны, сондай-ақ көлік құралына қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдарға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру