Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер пошталық қызметтерге тексеру жұмыстарын жүргізді

Жамбылдық полицейлер пошталық қызметтерге тексеру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүйелі түрде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес шараларын күшейтуге бағытталған түрлі іс-шараларды жүзеге асырып жатыр.

14 желтоқсанда полицейлер Кинологиялық қызмет орталығының көмегімен және қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдері орналасқан сұрыптау орталықтарында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдауға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру іс-шаралары пошта қызметінің қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

– ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына және бекітілген жоспарға сәйкес, есірткі заттарын заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу бойынша мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру