Өскеменде көршісі азық-түлік сатып әкелемін деп зейнеткердің ақшасын қалтасына басқан
Өскеменнің қарт тұрғыны өзінің көршісі жасаған алаяқтық әрекетінің құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 72 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер 14 қаңтарда оның пәтеріне келген көршісі азық-түлік сатып алып келге көмектесемін деп уәде беріп, қарт адамды алдап, арам ойын асырғанына көз жеткізген. Осылайша қарт зейнеткер азық-түліксіз қалған. Келтірілген шығын сомасы 30 мың теңгені құрады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 35 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.