Қызылордада тергеу изоляторындағылар электронды дүкен арқылы тапсырыс бере алады
Қызылордада тергеу изоляторындағылар электронды дүкен арқылы тапсырыс бере алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Енді ЗК-169/тергеу изоляторында қамауда отырғандар теміртордың арғы жағында отырып-ақ, рұқсат етілген қажет заттарына тапсырыс беріп алдыра алады.
Ол үшін CONVEX – электронды дүкен жүйесіне тіркелудің алты қадамы орындалуы керек:
1.Қамаудағы азамат іштегі терминалға өз туыстарының нөмерін енгізіп, тіркеуден өтеді;
2.Тіркелген нөмер арқылы туыстары сотталғанның логині көрсетілген хабарлама алады;
3.Одан соң планшет, ноутбук, компьютер, ұялы телефон арқылы www.convex.kz сайтын теріп, тіркеуден өтеді;
4.Тіркеу аяқталған соң, қолжетімді тәсілмен өз балансын толтырады;
5.Шотқа ақша түскеннен кейін, аударым жасау бөлімі арқылы сотталушының логиніне аударады;
6.Іште отырған азамат терминал арқылы шотына түскен қаражатқа керекті тауарларды таңдап, тапсырысты төлей алады.
Бүгінгі таңда ЗК-169/тергеу изоляторында қамаудағы отырған сотталғандарға бұл жүйені пайдалану бойынша жасақ бастығы Нұрсұлтан Ниязов толықтай түсіндірме жұмысын жүргізді.
– Бұл электронды сервистік жүйенің тергеу изоляторында мүмкіндігінше ертерек жұмыс жасауы үшін ендігі кезекте, туыстары тарапынан сұраныстың көп келіп түсуіне байланысты екенін ескертеміз, – дейді АКАӘПТБ бастығы А.Тұрманов