Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жас жігіт біреудің қымбат көлігіне қасақана зақым келтірген  

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында жас жігіт біреудің қымбат бағалы көлігінің терезе әйнектерін және шамдарын сындырып, көлікке қасақана зақым келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» пультіне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 3 ақпан күні сағат 06.20 шамасында белгісіз біреудің бұзақылық ниетпен үйінің ауласында тұрған «Lexus-470» автокөлігінің терезе әйнектерін, сондай-ақ артқы габариттік шамдарын сындырып кеткенін  хабарлады. Қаскөйдің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға  қатысы бар 21 жастағы жігітті анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру