Өскемендік медбике құрамында есірткі бар препараттарды беру талаптарын бұзған
Өскемен қаласындағы дәрігерлік амбулаториялардың бірінде құқық бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Өскемен қаласының полицейлері қаланың дәрігерлік амбулаторияларының біріне тексеру жүргізу кезінде 34 жастағы медбикенің құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді тіркеу және беру тәртібін бұзғанын анықтады.
-Оқиға орнынан препараттар мен рецептуралық бланкілер алынды, - деді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Василий Гриценко.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.