Өскемендік полицейлер ұрланған телефондарды сату фактісіне қатысты бутиктерді тексеруде
Өскемендік полицейлер ұрланған телефондарды сату фактісіне қатысты бутиктерді тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімшелерімен мүлікті қорғау бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде ұрланған телефондарды сату орындарын тексеру және заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізілді.
Өткен демалыс күндері жедел уәкілдер 76 өткізу орнын аралап, мыңнан астам телефонды тексерді. Жалпы, жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 144-тен астам ұялы телефон ұрлығы ашылды.
Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер бутиктердің иелерімен және ұялы телефон сатушылармен ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабында қарастырылған қылмыстық жолмен көрінеу табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді.