Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысынды 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысынды 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларын алдын алу және болдырмау мақсатында 8 қарашадан бастап “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ, рейдтік шара Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Көлік прокуратурасының қызметкерлері және басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен жүргізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның жетінші күнінде көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 6411 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 133 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Апаттық қауіпті аймақ болып есептелетін 430 шақырым көше бойы зерделеніп, 147 дана жол белгілері орнатылды.

Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 29, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 32, техникалық байқаудан өтпеген – 239, ұялы телефон пайдаланған – 370, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 535 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 18, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 193, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен – 102 , жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 90, авариялық жағдай туындатқан – 15, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған – 25, көлік құралын мас күйде басқарған – 48 жүргізуші анықталған. Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру