Отбасы-тұрмыстық қақтығыста зардап шеккен 10 адамның 2-і ғана полицияға жүгінуге дайын
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ОКҚ алаңында өткен есептік конференция барысында ТЖ режимі кезінде отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 25%-ға өскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл азаматтардың карантин жағдайында оқшаулануына байланысты көрсеткіш болып отыр.
– Пандемияның басталуымен дағдарыс орталықтарының байланыс желілерінде зорлық-зомбылық құрбандарының саны артты. Өкінішке орай, 10 жәбірленушінің 2-і ғана полицияға жүгінуге келіседі,- деді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарын қауіпсіздендіру үшін 37 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4,8 мың ерекше талаптар белгіленді.