Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның жеке гаражынан құнды заттар ұрланды

Ер адам ұрланған велосипедтер мен мопедтердің қайтарылғанына ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Н.М.Ниязбековтың қаладағы гаражынан құнды заттар жасырын ұрланды. Үш велосипед пен “Honda Giorno” маркалы мопеді. Материалдық шығын шамамен бір жарым миллион теңгеге бағаланды. Ұрланған мүліктің қайтарылуына байланысты Нұрсейіт Медеу ауданының ПБ қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

– Біз бүкіл отбасымызбен велосипед тебуді жақсы көреміз, барлық велосипедтерді, соның ішінде балалардікін табу ауыр болды. Мен полицияға “102” нөміріне бұл туралы хабарлап айттым. Шынымды айтсам, біраз уақыттан кейін Медеу аудандық Полиция басқармасынан қоңырау шалып, меншігімді анықтауға шақырған кезде, мен таңқалдым және қатты қуандым. Мен барлық мүліктерімді бірден таныдым. Бір таңқаларлығы, тіпті бас киім мен қолғаптар да қауіпсіз болды. Мен өз заттарымды тағы да көремін деп ойламадым, өйткені өтінішті жазғаннан бері үш апта өтті. Мен біздің полицияның жұмысына, олардың істі тез ашқанына, қылмыскерлерді ұстағанына және ұрланған заттарды қайтарғанына өте қуаныштымын. Мен Алматы қаласының полиция Департаментіне, атап айтқанда Медеу ауданының жедел уәкілдеріне: Мақсат Әбдрайымовқа, Ерлан Сәтпаевқа және Ерлан Қанайқұловқа полиция бөлімі өкілінің кәсібилігі мен үлгілі көрсеткіші үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді алматылық Нұрсейіт Ниязбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру