Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен демалыс күндері Петропавл тұрғындарынан «102» арнасына 699 қоңырау келіп түсті

Өткен демалыс күндері Петропавл тұрғындарынан «102» арнасына 699 қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Петропавлдағы демалыс күндерінің қалай өткендігі жайында айтты. Қалалықтар ЖКО фактілері бойынша тәртіп сақшыларын 14 рет шақыртқан. ЖКО ауыр салдарына жол берілмеді. Полицейлер жүргізушілерді ЖКО басым бөлігі орын алтын бұрылыстарда ерекше сақтық танытуға шақырады. Сонымен қатар қауіпсіз ара қашықтықты ұстау, жаяу жүргінші өтпеліне, оқу орындарының маңына жақындаған кезде жылдамдықты төмендету қажет. Сондай-ақ, қала полицейлері демалыс күндері отбасылық жанжалға – сегіз рет, тыныштықты бұзу фактісіне – бес рет шыққан. Барлық бұзақылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Егер жұмыс күндері түнгі уақытта тыныштықты бұзуға сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін тыйым салынса, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайтынын естен шығармаған жөн.

– Өткен демалыс күндері «102» арнасының операторлары Петропавл қ. 699 өтініш қабылдады, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. – Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. 189 шақырту бойынша полицияның ден қоюы қажет болды. Сондай-ақ облыс орталығының аумағында тоғыз ұрлық пен екі алаяқтық фактісі тіркелді. Келтірілген шығын сомасы 10 мың және 15 800 теңгені құрады. Оның бірінде жәбірленуші интернет-хабарландыру бойынша жоқ тауарға алдын ала төлем жасаған, ал екіншісінің мән-жайы анықталуда. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар фактілері бойынша полицияға дереу хабарлау қажет екендігін ескертеміз. Полицияға уақтылы жүгіну қылмысты «ізін суытпай ашуға» мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру