Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жыл басынан үй-күйсіз жүргендердің арасынан іздеуде жүрген бес адамды анықтады

Петропавл полицейлері жыл басынан үй-күйсіз жүргендердің арасынан іздеуде жүрген бес адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының төмендеуімен Петропавл полицейлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдармен жұмысты күшейтті. Қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күн сайын сағат 15:00-ден 23:00-ге дейін жылу желілерінің құдықтарын, бос тұрған ғимараттарды, жертөлелер мен үйсіздердің жүруі ықтимал басқа да жерлерді тексереді. Оларды арнайы есептерден тексеру үшін қабылдап-тарату орындарына жеткізіп, саусақ іздерін алады, фото-бейне есепке қояды, құқық бұзушылықтарға қатыстылықтарын тексереді.

– Сондай-ақ адамдардан түскен сигналдарға ден қою жұмыстары жүргізіледі, – дейді Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайыл. Осындай фактілердің бірі Instagram әлеуметтік желісінің көмегімен анықталды. Ақпаратты тексеру барысында қолданушы хабарламасының арқасында полицейлер Қазақстан кинотеатры ауанында тұрғындарды мазалаған ТМЖ адамдардың тобын анықтады. Полицейлер ұқсас жағдайлар орын алғанда 59-92-99 нөмірі арқылы ҚТО-ның кезекші бөліміне, “102” арнасына тікелей хабарласуға болатынын немесе “102” мобильді қосымшасын қолдануға болатынын қалалықтардың естеріне саламыз. Мобильдік қосымша қоңырау соғуға да, полицияға аудио және бейнефайлдарды, мәтіндік хабарламаларды жолдауға да мүмкіндік береді. Хабарламалар түскен кезінде бірден тіркеледі.


Жеке бастарын анықтаған соң тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар түнеу орнына жеткізіледі. Түнеу орны ауа райының төмендеуіне байланысты, адамдардың үсіп қалуына жол бермеу үшін қазанның 1-нен өз жұмысын қайта бастады. Полицейлер түнеу орнына күніне шамамен 10-15 адамды жеткізеді.

Жыл басынан полицейлер қабылдап-тарату орнына ТМЖ адамдарды 1480 рет жеткізген. Тексеру барысында олардың арасынан қылмыстық іске байланысты іздеудегі бес адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру