Өткен жылы Абай облысында 3 300-ден астам мал иелері жауапқа тартылды
Өткен жылы Абай облысында 3 300-ден астам мал иелері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда иесіз жайылып жүрген мал әлеуметтік қоғамның өзекті және басты проблемаларының бірі болып табылады. Жолдардағы қараусыз жүрген мал қайғылы салдармен, ұрлықпен жол-көлік оқиғаларына әкеледі. Ауыл шаруашылығында мал иелері еркін жайылымға тыйым салу талаптарын елемей, жол көлік оқиғасының себепшісі болуы мүмкін.
Учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ патрульдік полиция инспекторлары тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын, қаңғыбас мал фактілерін анықтауға арналған профилактикалық рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.
2023 жылы Абай облысы полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 3 390 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Осы жылдың басынан бастап облыс бойынша мал жаю ережелерін бұзудың 170 фактісі анықталды, иесіз жайылатын малға арналған қораларға 943 бас ірі қара малы қамалды.