Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясының басшысы ІІО ардагерлерімен кездесті

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов өңірдің Ескелді ауданында қызмет еткен ардагерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Кәсіби мансабымды Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінде бастадым. Сол кездегі тәжірибесіз жас қызметкер үшін өз істерінің шебері атанған мамандардың ортасына түсу маңызды болғаны сөзсіз. Шыдамдылық пен табандылық сияқты қасиеттерді сіңіре отырып, бойымда нағыз офицерді қалыптастыруға тырыстым. Аға буын әріптестердің әрқайсысының бұл істе үлесі зор, – деп атап өтті Сарқытбай Құсайынов.

Естеріңізге сала кетейік, полиция ведомствосында 2024 жыл кадр сапасын арттыру жылы болып жарияланды. Осыған байланысты ІІО жүйесінде тәлімгерлік институты қайта жанданып жатыр.

– Саналы ұрпақ тәрбиелеу – ұлт болашағының кепілі. Қазір ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесі жаңа форматтағы полицейлерді тәрбиелеуде аса қажет, – деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру