Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам шетелдік келген
Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам шетелдік азамат келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 64,6% -ға аз.
– Сонымен қатар, өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 мың 347 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 1 мың 539 шетелдік болған. 238 шетелдік азамат елден әкімшілік жолмен шығарылды. Сондай-ақ, 63 жұмыс беруші мен Қазақстанның 14 мың 808 азаматы әкімшілік жазаға тартылды. Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар 2020 жылы шетелдіктер жасаған 301 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған.