Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мейрамханада төбелес шығарған әйелдерді жауапкершілікке тартты

Атырау қаласында мас күйінде мейрамханада төбелес шығарған азаматшалар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтар күні түнгі сағат 03:29 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесінде орналасқан “Vivaldi” ресто-бар алдында 32, 33 және 28 жастағы азаматшалар өзара келісе алмай төбелес шығарған.

Олар сол күні “Vivaldi” ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Аталған азаматшалар наркологиялық сараптамадан өткізіліп, сараптама нәтижесіне сәйкес олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған “Vivaldi” ресто-барына қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру