Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында фотостудиядан 3.5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған азамат ұсталды

Қызылордалық полицейлер фотостудияға 3 500 000 теңге көлемінде
шығын келтірген ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, кешкілік уақытта қалада орналасқан фото-видео студиялардың бірінен қымбат бағалы кәсіби құралдар ұрланған. Келтірілген шығын 3 470 000 теңге.

Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде көп ұзамай осы дерекке қатысты күдікті 23 жастағы азамат ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру