Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы СҚО криминалистері үш мыңнан астам зерттеу жүргізді

Өткен жылы солтүстікқазақстандық полицияның криминалистері үш мыңнан астам зерттеу жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз – криминалистердің кәсіби мерекесі. СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин жедел-криминалистикалық бөліністердің бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында бөлім бастығы Александр Хлевов, бас криминалист Сергей Матвеев, аға криминалист Азамат Ибраев, криминалист Максим Середа мен басқа да қызметкерлер бар. Олардың кәсібилігін жедел уәкілдер де бірнеше мәрте атап өтті.

– Заңдылықты нығайтуда криминалистиканың маңызы жылдан жылға артып келеді. Сіздердің еңбек жолдарыңыз – қызметтік міндеттерді мінсіз және адал атқарудың, жоғары моральдық және іскерлік қабілеттерді көрсетудің жарқын үлгісі, – Сембин құттықтау сөзінде.

Бүгінде криминалистердің пайдалануында ғылыми-техникалық саладағы замануи құралдар мен қондырғылардың бірнеше түрі бар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер адамды биометриялық сәйкестендірудің жаңа жүйесіне көшті. Аталмыш жүйе бұрынғы пайдаланған «Папилон» жүйесіне қарағанда жаңартылған интерфейспен, жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Тек өткен жылы саусақ пен қол іздерін анықтау жұмысы 119 қылмысты ашыуға көмектесті. 2023 жылы осы қызметтің қызметкерлері 3 мыңнан астам зерттеулер жүргізген. Криминалистикалық есептерді пайдалана отырып, қылмыстарды жасауда күдікті 500 астам тұлға анықталды.

Сондай-ақ Еңбек Сембинге Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығы атынан алғыс хат берілді. Марапатты полиция ветераны, ал бүгінде университет оқытушысы Александр Лобода табыс етті. Солтүстікқазақстандық криминалистер жоғары оқу орнымен тығыз жұмыс істейді, дәрістер мен парктикалық сабақтар барысында заңгерлік мамандықтарының студенттерін құқық қорғау жұмыстарына дайындайды.

Іс-шара аяқталған соң криминалистикалық бөліністердің қызметкерлері қызмет атқару орындарына аттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру