Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің банк картасынан 100 мың теңге шешіп алған ер адам ұсталды

Қарағандыда танысының анасының банк картасынан ақша шешіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның банк картасынан 100 мың теңге ақша шешіп алғаны туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

17 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті анықталды.

Жәбірленуші арада шыққан қажеттілікке байланысты банк картасын танысына уақытша берген. Ал оны танысының баласы көріп, ақша қажет болғандықтан жәбірленушінің картасынан шешіп алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру