Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңсыз қару сақтаған аудан тұрғыны анықталды

Қызылордада заңсыз қару сақтаған аудан тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқық тәртібі” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 22 қаңтар күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызмет атқару барысында 26 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуінде жоқ, 16-калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағандығын анықтады.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру