Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейд жүргізілді

27-29 наурыз аралығында Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті. Рейд барысында 499 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарын азайту мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 наурыз аралығында жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облысы полиция департаментінің 432 қызметкері жұмылдырылды. Нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудың 499 дерегі анықталды.

Атап айтқанда:
ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу (230-2-бап) – 116 дерек;
Белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ көлік құралын басқару (590-2-бап) – 42 дерек;
Міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын пайдалану (590-9-бап) – 65 дерек;
Ұялы телефон пайдалану (591-бап) – 139 дерек;
Қарсы бағыттағы жолаққа шығу (596-3-бап) – 5 дерек;
Көлік құралын мас күйінде басқару (608-бап) – 16 дерек;
Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің басқаруы (612-2-бап) – 47 дерек;
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің қайта басқаруы (612-3-бап) – 6 дерек.

Сонымен қатар 173 автокөлік айып тұрағына қойылып, 89 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.

Жалпы, облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, департамент басшылығының қатаң бақылауында болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру