Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Парламент Мәжілісінің депутаты түзеу мекемесін аралады

Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне Қазақстан Ресупубликасы Парламент Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы , «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі Танбаева Базар Ермағанбетқызы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Жұмыс сапардың мақсаты Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы «Қылмыстық, қылмыстық- процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу және осы жаңадан қабылданған Заңның орындалу барысы мен мекемедегі сотталған азаматтардың ұсталу жағдайы, құқықтарының қорғалуы, сотталғандарға көрсетілетін медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмектер және жұмыспен қамтылуы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы, Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі Танбаева Базар Ермағанбетқызы мекеменің тұрғын аймақтарын, санитарлық бөлікті, тамақтану орындарын, сонымен қатар, өндіріс аймағымен танысты.

Одан соң мекеменің мәжіліс залында Департаменттің бас мамандары мен мекеме қызметкерлеріне осы Заңмен ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық- атқару кодексінің , Қылмыстық- процестік кодексі,ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің өзгертілген баптары бойынша түсіндірме беріп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру