Пәтер аламын деген Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды
Пәтер аламын деген Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр.
Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды. 2022 жылдың 9-қарашасында, кешкі сағат 19:13те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш жылдан бергі танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша кезексіз үй алып беремін» деп, 130 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық қажетті шараларды қабылдады.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол жасы 46-дағы, жұмыссыз Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.