Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қоғам өкілдерімен бірге мал ұрлығының алдын алуды ұйымдастыру мәселесін талқылады

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қоғам өкілдерімен бірге мал ұрлығының алдын алуды ұйымдастыру мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғам өкілдері полицейлермен бірге мал ұрлығының алдын алу, қамауға алынған азаматтардың құқықтарының сақталуы, сонымен қатар жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жағдайын талқылады. Бұл мәселелер нақты Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімі бойынша қарастырылды.

Облыстық Полиция департаментінде кезекті Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Іс-шараға ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов, басқарма басшылары қатысты: бейнеконференцбайланыс режимінде өңірдің аумақтық полиция бөліністері қосылды. Негізгі баяндамашы – аудандық полиция бөлімінің бастығы Бахтияр Есімов сөз алып, мал ұрлығының алдын алу және ашу тұрақты бақылауда екендігін атап өтті.

Бүгінгі таңда ауданның көптеген ауылдық округінде бақташылардың болмауы өзекті мәселеге айналып отыр, жергілікті тұрғындар малдарын кезекпен бағады. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отыра, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін меморандум жасалып, қаңғыбас малдарды қамауға арналған орындар, яғни айып тұрақтары ұйымдастырылды. Ауданда осындай 18 арнайы мал қамайтын орын жұмыс істеуде, соңғы 10 айдың ішінде 1480 аса мал қамалды.

Жыл басынан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл шаруашылық жануарларын бағу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 250-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. 2 мал ұрлығы фактісі тіркелді. Малды еркін жайылымға жіберу оның біреуіне себеп болған: ұрлық күндіз орын алған. Сондай-ақ жәбірленушінің аталған факті бойынша полицияға жүгінуді созуы атап өтілді.

Консультативтік-кеңесші органның мүшелері жануарларға арналған айып тұрағын пайдалану тиімділігін арттыру туралы мәселені көтерді, сондай-ақ бақташыларды іздестіру мәселесін шешуге және бекіту жөніндегі жұмысты ретке келтіруге көңіл бөлді. Көтерілген барлық мәселелер аудан әкімінің орынбары Дәурен Тоққожин мен жергілікті полицейлердің назарына алынды.

Сонымен қатар қоғам өкілдеріне полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы баяндалды. Аудандық полицейлер изолятордың үй-жайлары бұйрықтар мен стандарттарға сәйкес жабдықталғанын, дегенмен жергілікті атқарушы органдардың қолдауын ескере отырып, олар диалог пен мүдделі органдардың тарапынан ұсынысқа дайын екендігін атап өтті.

Отырыс СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атановтың сөз сөйлеуімен аяқталды. Онда полицейлердің тәртіпті сақтауының жай-күйі айтылды, өткізіліп жатқан профилактикалық жұмыс пен жоспарлар туралы сөз қозғалды.

СҚО ПД жанындағы ККО төрағасы Жасұлан Ахметов барлық ұсыныстар мен проблемалық сәттерді қоғам өкілдері назарға алғанын, өз құзыреті шеңберінде олар бойынша тиісті жұмыс атқарылатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру