Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны көршісін тонап кетті

Ақмола облысының тұрғыны көршісін тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

12 қарашада Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 36 жастағы тұрғыны 5-12 қараша аралығында белгісіз адам оның пәтерінен Samsung теледидары мен музыкалық аппаратураның бөлшектерін ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді.

Өтініш беруші түсіндіргендей, ол 8 күн бойы елордада шаруаларымен жүрген. Қала тұрғыны келтірілген залал сомасын 400 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ерейментау АПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ерейментау қаласының 50 жастағы тұрғыны, өтініш берушінің көршісі болып шықты.

Пәтер иесінің жоқтығын пайдаланған ер адам құлыптаулы есікті кілттерді таңдап ашу арқылы үйге кіріп, қымбат теледидар мен музыкалық аппаратураның бөлшектерін ұрлап кеткен. Қаскүнем ұрланған мүлікті қаланың басқа шетіндегі шаруашылық құрылысына жасырған. Кейін заттай дәлелдемелер осы жерден тәркіленді.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру