«Пәтер алып беремін»: алаяққа сенген қызылордалық 900 мың теңгесінен айырылды
Алаяққа сенген қызылордалық 920 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласында «мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін» деген қала тұрғынын алдап соққан 30 жастағы ер адам анықталды.
Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арнайы мемлекеттік бағдарламамен сол жағалауда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінен пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 920 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануын сұрап, арызданған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.