Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пәтер алып беремін»: қызылордалықты млн теңгеге алдап кеткен әйел құрықталды

Қызылордалық тұрғынды миллион теңгеге алдап кеткен әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қараша күні алаяқтың құрбаны болған 53 жастағы тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Осы жылдың шілде айында оған белгілі бір әйел көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен пәтер алып беремін деп уәде берген. Жұмыс ақысы үшін азаматшадан 1 миллион теңге ақшасын алған.

Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған әйел телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген мәселесі шешімін таппағандықтан, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 48 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру