Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда медбике жалған вакцинация паспортын жасаған деп күдіктелуде

Павлодарда медбике жалған вакцинация паспортын жасаған деп күдіктелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Павлодар қаласының емханаларының бірінің медбикесі Covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы жалған вакцина жасағаны үшін бірнеше рет азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай сыйақы алғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 247-бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы “келу міндеттемесі” таңдалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласының емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру