Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қараша күні сағат 01.30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келді. Мән-жайды анықтай келе, белгісіз әйел мен 20 жастағы бойжеткеннің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргә уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру