Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер ұрлығымен айналысатын топ құрықталды

Қылмыстық топты ұстау үшін ұйымдастырылған операцияда полиция қызметкерлері арнайы жасақ көмегімен жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер тінтушілер Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің бірінде болған ұрлықтан кейін ұсталды.

«Олар пәтерден 43 мың доллар ақшаны, сондай-ақ алтын әшекейлерін ұрлап кеткен. Бұл заттай дәлелдемелер күдіктілерден ұсталған кезде табылып, тәркіленді.  Жедел-іздестіру шараларының осы кезеңінде қылмыстық топтың пәтер ұрлауының кем дегенде үш фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.  Топ құрамы үш адамнан тұрады:  Н.,1992 ж.т., 1990 ж.т.О., және 1991 ж.т.Ф.  Ұсталғандардың біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған болатын.  Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа қылмыстық эпизодтарын анықтау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда », – деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Берік Әбілбековтің айтуынша, пәтер ұрылары негізінен тұрғындарды пәтерлері қараусыз қалған кезде аңдиды. Бұл әдісті аталмыш қылмыстық топ мүшелері де қолданған.  Олар, көбіне қымбат есіктері бар бағалы пәтерлерге  кіреді.

 «Бұрын біз қылмыс құрамындағы өзгенің мүлкін ұрлау үлесі 70 пайызды құрайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты криминалдық полиция қызметкерлерінің 70 пайызы мүліктік қылмыстардың ашылуына және алдын-алуға бағытталған.  Ұрлық фактілерін  уақытында ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып,  өндірісте жаңа технологиялардың мүмкіндіктері де қолданылады, – деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.