Пәтер ұрлығына қатысы бар екі азаматша ұсталды
Қызылордада пәтер ұрлығын жасаған екі азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың желтоқсан айының 22-сі күні сағат 15-00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне 63 жастағы арызданушы әйел үйінің жатын бөлмесінен құны 300 мың теңге тұратын шубасын белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы арызданған. Аудандық полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шараларын нәтижесінде 32 жастағы екі азаматша анықталып, ұсталды. Күдіктілерден айғақ зат алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Тұрғын үй жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.