Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған жылқылар табылып, иесіне тапсырылды

Қызылордада ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына өз алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 21 желтоқсан күні Қызылорда қаласының Айнакөл ауылының 24 жастағы тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жайылымда жүрген жылқысын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлаған.

Хабарлама бойынша жедел іздестіру іс-шараларына учаскелік полиция инспекторлары дереу кірісіп, полицейлер Байзақ Руслан мен Абдулкаримов Ерлан қолайсыз ауа-райына қарамастан, жақын маңдағы барлық аумақтан жайылымды, шаруа қожалықтарын қарап шықты.

Бірлескен іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1 тәулік ішінде жоғалған жылқы малын Айнакөл ауылында жақын маңдағы жайылымдық жерден тауып иесіне тапсырылды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторларының жұмыстарына алғысын айтып ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру