Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД бастығы жеке құраммен кездесті

Полиция департаментінің бастығы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре жұмыс сапарымен Жалағаш және Сырдария аударында болды. 

Іссапар кезінде Бектөре Жеңісбайұлы аудан әкімдерімен, аудан депутаттарымен және ардагерлермен кездесті. Кездесу барысында олар өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
Департамент бастығы екі ауданда полиция бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен жедел кеңестер өткізді. Кеңес барысында аудандық полиция бөлімдері бастықтарының есептері тыңдалды.

Департамент бастығы аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, Бектөре Жеңісбайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әрбір тұрғынның өтініші бойынша Департамент бастығы нақты тапсырмалар беріп, жеке бақылауына алды.
Жалпы, жыл басынан Департамент бастығы 60-тан астам азаматты қабылдап, олардың мәселелерін шешу бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылдады.

Жұмыс сапары барысында 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлау науқанында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша дайындық жұмыстары пысықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру