Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер ұрылары клинингтік қызмет көрсету кейпімен қала тұрғындарын тонаған

Ақтауда ер адам мен әйел клинерлер кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер тез арада құрықталды. Олардың кінәсі тәркіленген ұрланған мүлікпен және мойындау айғақтарымен дәлелденіп отыр. Күдіктілер Ақтау қаласының бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы танысы болып шықты.

Қазіргі уақытта екі фигурант та қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ІІМ пәтерлерді тазарту қызметтері бойынша тек сенімді клинингтік компанияларға жүгінуді ұсынады. 

– Мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы – тазалау процесін бақылауда ұстау. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда үй-жайдан құнды заттарды алып кеткен жөн. Бейнебақылау камераларын қолдану да өзекті. Егер пәтерді тазалап болғаннан кейін сіз заттарыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, дереу клинингтік компанияның қызметкерлері мен басшылығына хабарласыңыз. Егер жоғалған мүлік қайтарылмаса және табылмаса, онда полицияға жүгіну қажет, – деді ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру