Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер жөндейтін шебер құрал-саймандарды ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда пәтер жөндейтін шебер құрылыс жабдықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға пәтерінде ұрлық орын алғаны жөнінде шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол пәтерін жөндету үшін ер адамды жалдайды. Содан жұмысшымен пәтердің жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін келісіп, оны жалғыз қалдырады. Алайда пәтер иесі біраз уақыттан кейін қайтып келгенде үйден құны 273 мың теңгені құрайтын құрал-саймандардың жоғалып кеткенін білген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 35 жастағы күдікті ұсталды. Одан жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру