Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріндегі сотталғандар кинозалға барды

Ақмола ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріндегі сотталғандар Көкшетау қаласының кинозалына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының колония-қонысындағы сотталғандар арасында өткен жылдың қорытындысы шығарылды.

Мекемедегі тәрбие жұмысы – қайта әлеуметтендіруге бағытталған сотталғандарға ықпал етудің негізгі тетіктерінің бірі. Ағымдағы жылы сотталғандардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізілді. Олар балаларға, қарттарға көмектесуге ықылас білдіреді, ҰОС Жеңіс күніне арналған тақырыптық іс-шараларға, “жақсылық жасау” республикалық акцияларына, балаларды қорғау күніне бәліш пісіруге және т.б. іс-шараларға қатысты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімімен тәрбиелік және спорттық іс-шараларға белсенді қатысатын сотталғандар атап өтілді.

Мекеме бастығы Нұрлан Әлібеков Жаңа жыл қарсаңында сотталғандарды құттықтап, зор денсаулық және тезірек босатылуына тілегін білдірді.

Жақсы мінез-құлқымен және колония өміріне белсенді қатысумен ерекшеленген сотталғандар жеке естелік сыйлықтармен марапатталды. Сотталғандардың ұзақ кездесу бөлмелері үшін жаңа 12 адамға арналған шай сервизі және электр шәйнегі табыс етілді.

Сондай-ақ, Нұрлан Әлібеков сотталғандарға сыйлықтармен қоса, “Қара қоян” кинозалында жаңа жылдық фильмді көруді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру