Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Моншада елордалық тұрғынның планшетін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Моншада елордалық тұрғынның планшетін ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны Қажымұқан көшесінде орналасқан “Жадыра” моншасында белгісіз біреу құны 190 мың теңге тұратын планшетін ұрлап кеткені жөнінде жүгінген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қоғамдық монша ғимаратына клиент кейпінде кіріп, келушілердің заттары сақталатын шкафтарға қарай барады. Содан кейін ол еркін қол жеткізу арқылы ұяшықтардың бірінен планшетті алып, оны киіміне жасырып, бөлмеден шығып кетеді.

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Ұсталған азаматқа қатысты ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру