Пәтерден теледидар ұрламақ болған шымкенттік оқиға орнында ұсталды
Пәтерден теледидар ұрламақ болған шымкенттік оқиға орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлға түнгі сағат 02:00 шамасында үйінің ашық қалған есігі арқылы заңсыз кіріп, құны 150 мың теңгелік теледидарын қолды етпек болғанын байқаған. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден ұрлық жасамақ болған азаматқа ұмтылып, оны ұстап, полицияның 102 арнасына жүгінген.
Хабарды алған Абай АПБ-ның қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.