Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған ақмолалық анықталды

Телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған ақмолалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда Аршалы ауданының полиция бөліміне Аршалы кентінің 57 жастағы тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, 7 ақпанда белгісіз біреу оның жоғалған ұялы телефонынан154 700 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын ұрлаған.

Жәбірленуші ТСҚ-дан дүкенге бара жатып телефонын жоғалтып алғанын айтты. Ер адам мұны тек үйіне барған соң байқаған. Келесі күні ақмолалық SIM-картаны қалпына келтіріп, шоттан ақшаның жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды. Телефонды бұрын сотталған 32 жастағы жергілікті тұрғын тауып алған. Бұғаттау паролінің жоқтығын пайдаланып, ол банктік қосымшаның көмегімен басқа біреудің шотынан өз шотына ақша аударған. Содан кейін ол телефонды ең жақын қоқыс жәшігіне тастаған. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру