Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 тамызында шамамен сағат 18:00-де Державинск қаласын патрульдеу кезінде ЖППБ жол полициясының қызметкерлері сұр түсті Honda CR-V автокөлігін тоқтатуға әрекет жасады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы талаптарына бағынбай, қарсы келе жатқан жолда жасырыну туралы шешім қабылдады. Honda CR-V автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, бетон тірекке соғылған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған жүргізуші ұсталып, Жарқайың аудандық сотының қаулысына сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі (Қарсы жолақпен жүру) бойынша – 3 АЕК айыппұл; ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі – (Мас күйінде басқару және ЖКО) – 20 тәулікке қамауға алу және 8 жылға КҚ-ны басқару құқығынан айыру; ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі (Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамау) – 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Нәтижесінде бұл жүргізушіге айыппұл, 20 тәулікке қамауға алу, сегіз жылға құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру