Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотталған ер адам Щучинск-Нұр-Сұлтан автожолында қарт адамды тонап кетті

Щучинск-Нұр-Сұлтан автожолында қарт адамды тонап кеткен бұрын сотталған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақкөл АПБ кезекші бөліміне 61 жастағы жергілікті тұрғыннан тонау туралы арыз келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың 20 тамызында шамамен таңғы сағат 9-да “Щучинск-Нұр-Сұлтан” автожолында Mercedes Benz 260е автокөлігінің жүргізушісі пышақпен қорқытып, одан 10 мың теңге сомасында ақша қаражатын ашық ұрлап әкеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола полицейлері бұған дейін Қылмыстық кодекстің 120, 191, 200, 188-баптары бойынша сотталған Степногорск қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру