Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қайырымдылық жасады
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нарынбаевтар отбасы – Ордабасы ауданы Төрткөл елдімекенінде тұрады. Отбасының отағасы Жасұлан, мүмкіндігі шектеулі жан. Жұбайы екеуі жанұяда бес баланы тәрбиелеп-өсіріп отырған жайы бар. Отбасының тыныс-тіршілігіне қаныққан полицейлер, бірауыздан қайырымдылыққа деп қаражаттарын жинақтап, Жасұланның шаңырағына арнайы барды.
Атап айтсақ, полиция капитаны Зейілхан Нұрманов, полиция аға лейтенанты Али Қанатов, қызмет инспекторы Рысбек Жузеевтар күнделікті тұтынатын, бірінші кезектегі азық-түліктерді алып, аталған отбасына жеткізді. Қашан да қиналғанның жанынан табылып, қорған әрі қолдаушы болатын полицейлер, мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Ең басты мақсат – аз қамтылған, көпбалалы, жанұяларында ерекше балалары бар отбасыларына қол ұшын созып, қолдан келген көмегін беру.
Осылайша, Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қайырымдылық жасап, игі іс арқылы бір отбасын қуантып қайтты.