Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясында погон таққан 374 нәзік жандылар қызмет атқарады

СҚО полициясында погон таққан 374 нәзік жандылар қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті жеке құрамының ерлер қауымы нәзік жанды әріптестерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ведомствоның әйел қызметкерлеріне марапаттар табысталды, олар концертік бағдарламаны, сондай-ақ фотогалереяны тамашалады.
СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев қарамағындағы қызметкерлерді құттықтай отыра, солтүстікқазақстандық полиция қатарында ерлермен бірге 374 қызметкер, оның ішінде 14 басшы лауазымында қызмет атқаратындығына тоқталды. Олармен бірге 94 әкімшілік мемлекеттік қызметші әйел және 254 ерікті жалдамалы құрам еңбек етуде.
Нормаланбаған жұмыс күні, тәуліктік кезекшілік, жедел-іздестіру іс-шараларына, патрульдеу мен рейдтерге қатысуымен әйелдердің жұмысты ерлер қатарлы мінсіз орындауға қабілетті екендерін дәлелдеді, сонымен қатар ғимараттарда толық талдауды, ұқыптылықты, шыдамдылықты талап ететін жұмысты атқаруда олардың орны бөлек. Әр әйел қызметкерлердің үлесі үлкен ұжымның сан қырлы жұмысында жоғары бағаланатынын жеткізді.

Марат Төлебаев 35 нәзік жанды қызметкерді медалдармен, грамоталармен, төс белгілермен, алғыс хаттармен марапаттады. “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Динара Айтқожина, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен СҚО ПД Емханасы бар госпиталінің терапия бөлімшесінің меңгерушісі Елена Гофман марапатталды. Сонымен қатар, СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен СҚО ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Алтынай Қожабаеваның еңбегі атап өтілді. 
Марапатталғандардың қатарында ішкі істер органдарының ардагер әйел қызметкерлері, офицерлердің зайыптары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жарлары болды. 

Іс-шараның қызғылықты сәті ұйымдастырылған фотогалерия болды. Идеяның авторы Полиция департаменті басшылығы. Полиция қызметкерлері өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін ортаға салды: отандық және әлемдік суретшілердің қылқаламынан туындаған кейіпкерлердің костюмдері мен бейнелерін дәл келтіре отыра, соңғы апта бойы олар фотосессия өткізді. Көрме Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне орай өтті және алған тәжірибелерінң арқасында он үш қатысушының бәрінің есінде мәңгі сақталмақ. Мерекелік іс-шара погондағы әртістер мен қалалық шығармашылық топ дайындаған концертпен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру