Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО нәзік жанды полицейлері ерекше фотогалерея әзірледі

8 наурыз қарсаңында СҚО нәзік жанды полицейлері ерекше фотогалерея әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полициясында қызмет атқаратын нәзік жанды арулар 8 наурызға арнап айрықша шығармашылық жоба әзірледі. Оған қатысушылар кескіндеме туындысының бейнесінде өздерін сынап көрді. Салтанатты іс-шара басталмас бұрын көктемгі мерекенің құрметіне орай, бейнелеу өнерінің шығармалары желісі бойынша нағыз көркем сурет галереясын ұйымдастырды. Косплейдің басты шарты бойынша кейіпкерлердің сыртқы бейнесімен қатар ішкі жан-дүниесімен ұқсастығын жеткізу болды. Он үш ару қызметкер жүректеріне жақын кейіпкерлерді іздеу жолында жүзге тарта өнер туындысын қарап шыққан.

Талғамда шек болмады: Қайта өрлеу дәуірінен бастап біздің заманымызға дейінгі аралық қамтылды. Леонардо да Винчидің әйгілі туындысының бейнесінде суретке түскен ювеналдық полицияның аға инспекторы Еркегүл Басыбаева ерекше назар аудартты. Оның ойынша, ғасырлар бойы адам ойын еліткен Джоконданың күлкісі әйел бақытының көрінісі. “Портрет Элизабет Гонзало” туындысын таңдаған Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Жанна Үмбаеваға да Ренессанс дәуірі көңіліме жақын.

– Рафаэль сегіз жасында, ерте анасынан айырылған, оның шығармашылығында аналар бейнесінің, мадонналардың көптеп кездесуі сондықтан да шығар, – дейді ол. — Маған Рафаэльдің дүниетанымының тұтастығы жаныма жақын, мен бала кезімнен басқа кеіпке енуді ұнататынмын.

Қатысушылардың көбін қазақ қызының сұлулығын жеткізу идеясы қызықтырды. Олар қазіргі заманғы отандық қылқалам шеберлерінің туындыларына назар аударды.

– Қарапайымдылық пен мінез-құлықтың үйлесімділігі, ішкі жан-дүниенің сұлулығы – осы қасиеттер, менің ойымша, әйелдің бойында болуы маңызды, – дейді Петропавл қ. ПБ штабының инспекторы Айсұлу Қажықова. – Біздің заманымыздың суретшісі Қасымовтың “Девушка в красном камзоле” атты туындысындағы қыздың бейнесін сомдадым, мені портреттің энергетикасы баурап алды, бұл қыз қазір ортаға шығып билейтіндей көрінді.

Галереяның кең ауқымдылығы оны ерекшелендіре түсті, мысалға, кәсіби даму бөлімінің психологы Айгүл Шоланова Жанетт Гишар-Бюнельдің “Портрет африканки” туындысына көктемгі әсер берсе, ал оның әріптесі Екатерина Буданова Хесус Эльгердің “Жгучих глаз любимой креолки” шығармасындағы кейіпкердің көзқарасын келтірген. Көпшіліктің назарын кеңестік суретшілердің жұмысындағы қарапайым адамдардың терең бейнесі аудартты. Гелий Коржевтің “Перед дальней дорогой” атты картинасындағы майданға аттанатын қыздың жанарындағы үрейге көз тоқтатып қарамау мүмкін емес. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Мария Кузнецова бұл портретті таңдауы “соғыс отына” мойымаған қайсар әйелдердің арасында оның әжесі де болғаны, оларға деген құрметі екендігін айта кетті.

Салтанатты іс-шарада қыздар өздерін нағыз жұлдыздай сезінді. Галерея тележурналистердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар жобаға қатысушыларды осындай сапалы деңгейде қалай жүзеге асыра алғандықтары жайлы сұрақтардың астына алды. Бұл ретте, кәсіби фотограф Андрей Воловик және “Атмосфера” фотостудиясы техникалық сүйемелдеді, костюмдер мен грим жағынан С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры, Н.Погодин атындағы орыс драма театры және облыстық филармониясы көмектесті.

Косплейлерді дайындаған қыздар реквизит іздеген кезде көптеген жағдайлар болды: мысалы, қазір жетпіс жыл бұрынғы қалыптағы ағаш орындықты табу мүмкін емес болып шықты. Криминалдық полиция басқармасының қызметкері Күлзипа Мамекованың иығындағы маймылға келетін болсақ, оны “Мадагаскар” хайуанаттар бағы ұсынды. Олардың бәріне косплейге қатысушылар шын жүректен ризашылықтарын білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ерекше көз тартқан суреттің жанында кейбір қарамағындағы қызметкерлермен суретке түсті. Ол полицей-қыздардың бастамасын жоғары бағалады.

– Қызметте жүріп, жеке өмірге өте аз уақыт бөлесің, – дейді ол. – Біздің қызметкерлеріміз күнделікті қызметтік міндеттерін толықтай орындай отыра, өздерінің жеке тұстарын да дамытуды ұмытпайтыны, өздерін шығармашылық жағынан да көрсете алатындығы қуантады. 8 наурызда барлық әйелдер қауымына ерекше және әсем болулары үшін ешқандай кедергі жолдарында тұрмауларын тілеймін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру