Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кішкентай пациенттеріне сотталғандар қолдау қораптарын жасап берді

Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кішкентай пациенттеріне сотталғандар қолдау қораптарын жасап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/4 мекемесінің психологтары өз ойын білдіру және өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы психикалық жай-күйді үйлестіру мақсатында сотталғандармен арт-терапия бойынша сабақтар өткізеді.

Осылайша балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне сотталғандар Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кішкентай пациенттеріне өз қолдарымен қолдау қораптарын жасау идеясы пайда болды.

Аға инспектор-психолог Ольга Мирзоева атап өткендей, кішкентай пациенттер күн сайын бірқатар ауыр процедуралардан өтеді және көбінесе бұл процестер балалардың қорқынышымен, көз жасымен өтеді.

Ауыр манипуляцияларды жеңілдету үшін мекеме қызметкерлері балаларға тәттілермен толтырылған қолдау қораптарын берді. Мекеме бастығы Ербол Шарипов бұл идеяны қолдап, жеке құрам атынан барлық балаларға мықты денсаулық және бақытты балалық шақ тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру