Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған әйелдер мүмкіндігі шектеулі балаларға тоқылған ойыншықтарды сыйға тартты

Шығыс Қазақстан облысында әйелдер колониясының жазасын өтеушілері мүмкіндігі шектеулі балаларға тоқылған мультфильм кейіпкерлерін сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әйелдер колониясының қызметкерлері Жарма ауданындағы Қалбатау ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтты.

Орталықтан уақытша баспанасын тапқан балаларға ШҚО түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдер қолдан тігілген жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты. Бүгінгі таңда орталықта 20-дан астам мүмкіндігі шектеулі бала оңалтудан өтуде.

– Мекемеде қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар сотталғандар ерікті ұйымы жұмыс істейді, сол жерде біз қыздармен сурет салып, тоқыма тоқып, тігін тігеміз, түрлі байқаулар мен көрмелерге қатысамыз. Балалар күніне арнап біз мультфильм кейіпкерлерін тоқуды шештік. Олар миниондар, жалғыз мүйізділер, бегемот, яғни балалар қазіргі уақытта жақсы көретін мультфильм кейіпкерлері. Біздің сый тарту ойымызды басқа да сотталғандар қолдап, бізге және мұқтаж балаларға көмектесуге ниет білдірді. Біз де қуана-қуана  ойыншықтарымызды сыйға тартып, балаларға денсаулық тілейміз, – деп өз ойымен бөлісті сотталған Дана.

Әйелдер колониясының қызметкерлері тек тоқылған ойыншықтармен ғана шектеліп қоймай, тәттілермен де қуанта білді. Балалардың көңілінен шығу үшін кондитерлік цехта жұмыс істейтін сотталушы Фируза (аты өзгертілді) да шетте қалмай, балаларға арнап торт пісірді.

Бастапқыда  балалар форма киген қонақтарға қызығушылықпен карап, біраздан соң мерекенің кішкентай бөбектері де үйренісіп, айналасындағыларға күлкі сыйлап, риза болды.

– Біреудің баласы мен біреудің қайғысы бөтен болмайды. Ал өмірде сүрінген әйелдер қиыншылықты жастайынан білген балаларға көмектесу мәнінің зор екенін біледі. Ата-ананың көзінде қаншама махаббат пен нәзіктік, қаншама жылулық пен риясыздық бар. Мен барлық балалардың дені сау болғанын қалаймын! Халықаралық мереке күні орталықтың барлық балаларына жақсы нәтиже, шыдамдылық және бақытты өмір тілейміз, – дейді әйелдер колониясының қызметкері Гүлбахрам Закимова.

Орталық мұғалімдерінің айтуынша, мұндай ойыншықтар қиял мен ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру