Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Екібастұз тұрғындарымен кездесті
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Екібастұз қаласының Полиция басқармасына барып, азаматтарды офлайн режимінде қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғындары қабылдауға түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстармен келді. Олардың қатарында қылмыстық істерді, алаяқтықты, тыныштықты бұзуды, жеке мүлікті ұрлауды, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тергеу, ішкі істер органдарына қызметке түсу кезінде үміткерлерге қойылатын талаптар және т.б. мәселелер де болды.
Екібастұздықтар мен аудан тұрғындары полицияның абыройлы жұмысы үшін алғыс білдірді.
Мысалы, Рашад Өтеуовке Екібастұз қаласының тұрғыны белгісіз адамдарды бөлшектеу және жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жүгінді. Жәбірленушінің өтініші қабылданып, тіркелді. Тергеу бөлімшесіне материалдарды объективті зерделеу және іс жүргізу шешімін қабылдау тапсырылды.
Тағы бір қала тұрғыны оның шоттары бұғатталғанын айтты және «бұл алаяқтардың ісі» деген қорқынышы болды. Рашад Өтеуов барлық хат-хабарламаларды зерттей келе, шоттарды несие төлемегені үшін сот орындаушысы бұғаттағанын анықтады.
Ауыл тұрғынын «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын жүзеге асыру барысы қызықтырды. Сондай-ақ ол досының ішкі істер органдарына қызметке түсуді жоспарлап отырғанын және үміткерлерге қойылатын талаптарға қызығушылық танытқанын түсіндірді. Білімі қандай болуы керек және әскери-дәрігерлік комиссиясынан қайда өту керек деген сұрақтар қойылды.
Шешембеков көшесіндегі 11 үйдің тұрғындары Екібастұз қаласының тәртіп сақшыларының адал қызметі үшін ризашылықтарын білдіріп, учаскелік полиция инспекторлары Мәулет Қарыбаев пен Саят Мұқановтың жұмыстарын атап өтіп, бірнеше рет полицияға жүгінуге тура келгендерін және нәтижесіне өте риза болғанын айтты.
Азаматтардың барлық өтініштері мен сұрақтары бойынша Рашад Өтеуов егжей-тегжейлі түсініктеме берді және әрбір өтініш оның жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар азаматтарды қабылдау аяқталғаннан кейін Рашад Богдатұлы қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын полиция қызметкерлеріне және учаскелік полиция пункттеріне барып, учаскелік полиция инспекторларымен әңгімелесті, олардың қызметі мен Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаменті басшылығының тапсырмаларының орындалу барысын бағалады.