Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Киік” ЖПІШ: Қызылорда облысында 21 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күнінде 21 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында осы жылдың 1-31 желтоқсан аралығында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіліп жатыр.

Іс-шараның бес күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 21 дерегі тіркелді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабымен 1-бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) барлығы 20 құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі таңда бір дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-1 бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру