Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы әуежайда шу шығарған мас адам айыппұл арқалады

Алматыдағы әуежайда шу шығарған мас адам айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың басынан бері әуе компанияларының актілері бойынша түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 708 жолаушы әуе рейстерінен түсірілді, оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін – 276, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 215, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 63 тұлға және тағы басқаралы бар.

Көліктегі полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдахановтың айтуынша, 5 желтоқсанда Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне әуекомпанияның супервайзерінен тіркеу бағанында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу келген патрульдік полиция жасағы тексеру кезінде құқық бұзушының 35 жастағы елорда тұрғыны екендігін анықтады. Ол балағат сөздер айтып, пластикалық тіркеу бағанын сындырған. Жолаушы Павлодар қаласына ұшуы керек еді. Алайда ол өзін дөрекі ұстағаны үшін әуе тасымалдаушысының өкілдері оны лайнерге өткізбеген.

Ер адамға қатысты көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде келу) бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

– Ұсақ бұзақылық бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушы бір жыл ішінде екінші рет ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұл үшін оған он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін, – деді Дәулет Молдаханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру