Павлодар облысы ПД нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Павлодар облысы ПД нәзік жандыларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция департаменті облыстың ішкі істер органдарында қызмет атқаратын нәзік жандарды құттықтады, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткер әйелдері мен қаза тапқан қызметкерлердің әйелдеріне құрмет көрсетті.
Жасқайрат Қайыров өз тағдырын құқықтық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қиын қызметке арнаған, қызметті отбасына қамқорлықпен үйлестіре алатын әйелдерді құттықтады. Өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін барлық ханымдарға алғысын білдірді. Аталған іс-шараға қатысқан барлық өкілдерге денсаулық, сүйіспеншілік, отбасындағы келісім мен амандық және қызметте табыс тіледі.
Ардагер әйелдерге көп жылдық қызметі, көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар беру арқылы үлкен алғысын білдірді.
Дәстүр бойынша, мереке құрметіне ІІМ мен ПД-ның өңірлік департаментінде ерекше көзге түскен әйел қызметкерлерін көтермелеу туралы бұйрықтарына қол қойылды.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Ирина Емцова «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. ІІМ Құрмет грамотасымен Әсем Тұқтыбаева марапатталды. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Юлия Сәрсенбаева, Майнура Ваисова, Зәуреш Алтыбасарова, Марина Пугач, Динара Қалықова – марапатталды.
ІІМ грамоталарына Юлия Сүндетова мен Зульфия Айтуғанова ие болды. ІІМ алғыс хатымен Қорлан Жақымбекова Гүлмира Балғабаева және Ксения Макарова марапатталды.
Департаменттің бұйрығымен ПД грамотасына 44 әйел полиция қызметкері ие болды. Оның ішінде Бибігүл Қамзина, Салтанат Досымжанова, Жанар Әбілқайырова, Сәуле Қасымова, Күләш Нұрахметова, Вера Бутеева және т.б. осы бұйрықпен 35 әйелге грамоталар табыс етіліп, 26 нәзік жандыға алғыс жарияланды.
Ұжымның сұлуларына арналған салтанатты іс-шара жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды. Барлық әндер әйелдерге, махаббатқа және көктемге арналды.